Бір немесе бірнеше тең бөліктерден (үлестерден) тұратын Сан бөлшек немесе Жай бөлшек деп аталады.
Жай бөлшектер
Мысалы. 1/3, (үштен бірі ) оқылады.
Бөлшек сызығының үстінде тұрған сан алымы деп аталады, ал бөлшек сызығының астында жазылған cан бөлімі деп аталады.
Мысалы. 15/17, (онжетіден он бес ) 15-алымы, 17-бөлімі
Егер алымы оның бөлімінен аз болса, дұрыс бөлшек деп аталады.
Егер алымы оның бөліміне тең немесе одан ұлкен болса, бұрыс бөлшек деп аталады.
Мысалы. 1/3 -дұрыс бөлшек , 5/5, 9/8, 15/10 4/1 - бұрыс бөлшек
Егер бөлшектің бөлімі 10, 100, 1000 және т. б. болса, онда мұндай бөлшек ондық бөлшек деп аталады.
Мысалы. 4/10, 65/100, 7/1000, 999/1000 - ондық бөлшек

Жай бөлшектер есептер
-
Бақтағы 120 ағаштың 1/5-і шырша ағаштары. Бақта неше шырша ағашы бар?
-
Кітапта 100 бет бар. Арман 1 / 2 барлық беттерді оқыды. Арман қанша бетті оқыды?
-
Сыныпта 8 ұл бала бар. Бұл сыныптағы барлық оқушының 1/4-і. Сыныпта барлығы неше оқушы бар?